Сот процестерінің 95%-ы қашықтан өтуде

Қазақстандағы дәстүрлі Судьялар съезінде ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов елдегі сот жүйесі туралы сөз сөйледі. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

– Процестеріміздің 95%-ы қашықтан өтуде. Күніне 4,5 мыңға дейін онлайн-процесс өтіп жатыр. Соңғы кезде жүйемізде біраз өзгеріс болды. Олар Елбасының Ұлт жоспарынан, Мемлекет Басшысының Жолдауларынан туындайды. Соның арқасында сот жүйесі жаңа кезеңге қадам басты деуге болады. «50 жылда ел жаңа»демекші, қоғам тез өзгеруде. Сот та заманға қарай өзгеру керек екенін түсінеміз, – Жақып Асанов.
Оның айтуынша, заңгерлер мен адвокаттардың сот процесіне гаджет алып өтуіне салынған тыйым мен соттардың ресми рейтингі жойылды. Судьяға баяғыдай енді ешкім сөйт-бүйт деп бұйырмайды. Сот шешімдеріне шағымдану 30%-ға қысқарды. «Еститін мемлекет» деген саясатқа сай, қоғаммен диалог құрылуда. Ақтап шығатын үкімдер көбейген. Бұрын жылына 15 адам ғана ақталып келсе, қазір шамамен 180 адам ақталып шығады екен.
Съезге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.