Облыста 1 126 кезекші топ жұмыс жасауда

Бүгінде облыста 13 202 бала тәрбиеленіп жатқан 1 126 кезекші топ жұмыс жасайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Бұл мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің жалпы санының – 39%-ы. Барлық нысандар санитарлық талаптарға сай және мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс алгоритміне сәйкес жұмыс істеуде.
Таңертең мейірбике бүлдіршіндердің респираторлық аурулардың бар жоқтығын анықтау үшін күнделікті тексеру жүргізеді. Дене қызуын өлшеп, балалардың тамағын тексереді.
Коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында тәрбиешілер мен ата-аналар балаларды қарсы алу және шығарып салу кезінде маскалық режим сақтайды. Балалар мен тәрбиешілердің сақтығы үшін әр топта және балабақшаға кіре берісте санитайзерлер орнатылған. Балабақша ғимаратындағы топтық үй-жайларда, басқа да бөлмедер мен асханада дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, әрбір екі сағат сайын ылғалды өңдеу жүргізіледі.

Кезекші топта шектеу шараларына қарамастан, бүлдіршіндердің сабағы әдеттегі күн тәртібімен өткізіледі. Балалар уақтылы тамақтанып, күндіз ұйықтайды және серуендеуге шығады.