Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі ауысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі ауысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Бұл қызметке Мағжан Ілиясов тағайындалды. Ал бұған дейін бұл қызметті атқарған Қайрат Омаров Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.
Ал Мағжан Ілиясовтың орнына Асқар Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болды. Ол химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарады.