Шетелге шығу шектелу мүмкін
Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Түркиямен әуе қатынасын шектеп, басқа елдермен арадағы қосымша әуе рейстерін ашуды тоқтата тұруды ұсынды. Бұл туралы закон.кз зхабарлады.
– Шетелдердегі жағдайдың нашарлауын ескере отырып, инфекцияның сырттан енуіне және таралуына жол бермеу үшін 5 қазаннан бастап басқа елдермен арада қосымша рейстердің қайта ашылуына тыйым сала тұрған жөн. Мысалы, Түркия Республикасына қатынайтын әуе рейстерәнің санын азайтуды ұсынамыз. Екінші санаттағы елдерден келетін адамдар үшін келесі талаптарды белгілеу керек: термометрия, сауалнама толтыру, COVID-19-ға тапсырған тест анықтамасының болуы, онда да оның жарамды мерзімі 3 күннен аспау керек. Ал мұндай анықтамасы жоқтарды екі тәулікке карантинге қалдырып, тест нәтижесін күту қажет, – деді министр.