Келуі мүмкін екінші толқынға 159 млрд. теңге бөлінді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирус екінші толқыны және пневмониямен күресуге 159 миллиард теңге бөлді. Бұл туралы ОКҚ онлайн-брифингінде ӘМСҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты, — деп хабарлады tengrinews.kz.
– Қазіргі уақытта қор тарапынан коронавирус пен пневмонияға қарсы күрес бойынша іс-шараларды төлеуге 159 миллиард теңгеден аса қаражат қарастырылған. Оның ішінде коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге – 50,5 миллиард теңге, эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне үстемеақыға – 91,9 миллиард теңге, стационарлық деңгейдегі ПТР-зерттеуге – 4,2 миллиард теңге, «үйдегі стационар» қызметін көрсетуге – 0,4 миллиард теңге, амбулаториялық деңгейдегі ПТР -зерттеуге – 10 миллиард теңге, мобильді бригадалардың жұмысына – 2,4 миллиард теңге, – деп нақтылады басқарма төрағасы.
Сондай-ақ, ол наурыздан шілдеге дейін қор 36,9 миллиард теңге сомаға емдеу, ПТР-тестілеу және мобильді бригадалардың жұмысына ақы төлегенін қосты.