Таубаев тексеріліп жатыр
Нұрлан Таубаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл туралы «AntikorNews» алаңында аптадағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров айтты.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шын мәнінде Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде. Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды, – деді ол.