Атыраулық медқызметкерлерге 2 млрд. 145 млн. төленді
Атырау облысында пандемиямен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне наурыз – тамыз айы аралығында 2 млрд. 145 млн. теңге төленді.
⠀
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс бойынша коронавирус және вирустық пневмония жұқтырған медициналық қызметкерлер саны – 1 085. Оның 561-і коронавирус жұқтырған болса, 524-і вирустық пневмония диагнозымен тіркеуге алынған.
⠀
Бүгінде 79 медицина қызметкерінің әрқайсысына 2 миллион теңгеден үстемақы төленсе, көз жұмған екі медицина қызметкерінің отбасына 10 миллион теңгеден берілді. Бұл бағыттағы жұмыс арнайы комиссияның отырыстарында жалғасуда.⠀
Пандемия салдарынан Атырау облысында 13 медициналық қызметкер көз жұмды. Алтауы коронавирустан болса, жетеуі вирустық пневмониядан.