Атыраудағы жолдар ақылы болады
2024 жылдың соңына қарай Қазақстандағы 30-ға жуық жол магистральдары ақылы болады. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақша төлеуге тура келетін жол учаскелерінің толық тізімін ұсынды.
Ұлттық компанияның баспасөз қызметі атап өткендей, жолдарды ақылы ету кезең-кезеңмен 2024 жылға дейін жоспарланған.
2021 жылы Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасымен шектесетін жол ақылы болса, 2024 жылы Атырау – Орал және Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат – Доссор жолы мен Атырау – РФ шекарасымен шектесетін жол ақылы болмақ.