647 837 атыраулық – емханада тіркеуде
Атырау облысында бүгінгі таңда 651 703 тұрғын болса, оның 647 837-сі емханаларда тіркеуде тұр. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді.
Олардың ішінде 18 жасқа дейінгі балалар саны – 244 322. Ауылдар бойынша емдеу орталықтарына 356 524 адам тіркелген.
Атырауда 20 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Оның 15-і мемлекеттік емхана қатарында жұмыс атқарса, бесеуі – жекеменшік.