Биыл Атырауда өрт оқиғасы 110 рет тіркелді
Атырау қаласы аумағында 2020 жылғы 8 ай ішінде түрлі жағдайдағы 110 өрт оқиғасы тіркелді.
Қызыл жалынның кесірінен 2 адам қаза болып, 3 адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатықызылған.
Өрттің басым көпшілігі жеке тұрғын үй секторларында орын алған. Негізгі себептері – электрлік және газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзып, талаптарын сақтамау болып отыр.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан материалдық құндылықтар жойылып, тұрғындар баспанасынан айырылып, тіпті адам қазасы тіркеліп жатыр.
Сондықтан қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында, Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ қызметкерлерімен және жергілікті БАҚ өкілдерімен бірлесіп, тұрғын үй секторын аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.