Балық шаруашылығына субсидия беру ұсынысы қолдау тапты
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Атырауда ірі балық өндіруші кәсіпорындардың өкілдерімен «Орал – Атырау» бекіре балық өсіру зауытында өткен шарада кездесті. Онда балық шаруашылығындағы бірнеше проблемалар көтерілді.
Министрдің айтуынша, балық өсірумен қатар балық аулаудың атыраулық балықшыларға маңызды екені есепте ұсталады. Ол Каспийдің балықтары игерілмей жатқанын ескеріп, өңірде балық аулау көлемін одан да арттырып, осы шаруашылықтың дамуына серпін беретін ұсыныстарды бірлесіп қарауға әзір екендіктерін жеткізді.
Жиында кәсіпкерлер салықтық жеңілдіктер мен субсидиялау бойынша ұсыныстар айтты. Министр бұл бастамаларды қолдайтынын және аталған мәселелер оң шешімін тапқан жағдайда балық шаруашылығының әлеуеті көтеріліп, кәсіпкерлердің жұмысы одан әрі жанданатынына сенім білдірді.