Ауласына қарасора өсірушілер азаяр емес
Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғынның ауласынан қарасора түптерін тапты.
Атырау полициясының жедел қызметкерлері күдікті 43 жастағы қала тұрғынын ұстап, Мұханжанов көшесіндегі үйінің ауласын тексерді. Тексеріс барысында суға түсетін душ кабинасынан белгілі бір иісі бар қара-жасыл өсімдіктің 4 түбін, бақшасынан сондай өсімдіктің тағы 3 түбін анықтап, тәркіледі.
Сараптама қорытындысы бойынша анықталған өсімдіктер қарасора шөбі болып шықты. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабы 1-бөлігі «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.