Еріктілер жалақы алады

Жалақыны волонтерлікпен тұрақты түрде айналысатындар ғана ала алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте айтылды.
– Біздің қозғалыстың ауқымы кең, мүшесі де көп. Біз мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға қатысамыз. Ұйым ішінде еріктілер басқаруға қатысты үлкен тәжірибе жинап, жобалар жасайды. Одан кейін барып жалақы алатындардың қатарына ене алады, – дейді Қазақстан волонтерлері лигасының төрағасы Айсұлу Ерниязова.
Оның айтуынша, жалақыны тұрақты түрде волонтерлікпен айналысатындар ала алады. Өйткені, волонтерлер – тек қана волонтерлікпен айналысатын кәсіби мамандар.