КВИ жұқтырып алған мұғалімдерге ешқандай үстемақы қарастырылмаған
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай коронавирус жұқтырып алған мұғалімдерге ешқандай үстемақы қарастырылмағанын айтты.
— Кезекші сыныптарда жұмыс істеуге жіберу үшін тиісті талап бар. Мұндай форматтағы жұмыс процесіне жүкті мұғалімдер, созылмалы аурулары бар жасы 65-тен асқан ұстаздар жіберілмейді. Яғни мұндай педагогтар кезекші сыныпта жұмыс істей алмайды. Коронавирус жұқтырып алмас үшін дене қызуын қадағалап, барлық санитарлық талаптарды сақтау қажет, — деді министр.