Әкім грантын тағы 11 түлек иеленді

Атырау облысы әкімдігі жанындағы Білім беру грантын беру жөніндегі конкурстық комиссияның шешімімен тағы 11 жас облыс әкімінің грантына ие болды. Бұл туралы Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Оның ішінде дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау бойынша 10, кітап ісі мамандығы бойынша 1 түлек білім алатын болады. Осылайша аймақ басшысы бөлген білім грантын иеленгендер саны 89-ға жетті. Жергілікті билік осы арқылы өңірдегі жас мамандар санын толықтырмақ ниетте.