Сол жағалауда 2 апта газ болмайды

1 – 14-қыркүйек аралығында Атыраудың сол жағалауында газ болмайды. Бұл туралы «Интергаз Орталық Азия» АҚ хабарлады.
Компанияның хабарламасында теміржол көпірінен бастап Дамбы ауылына дейінгі бүкіл сол жақ жағалауда газ болмайтындығы айтылған. Бұл «Атырау» ГТС-1-дегі жоспарлы-алдын алу жұмыстарына байланысты.
Жыл сайын қыркүйек айында газ беру тоқтатылады. Аталмыш жағдай наубайханалардың жұмысына әсер етіп, нан өнімдерін жеткізуде үзілістер туғызады.