Қазақстандық боксшы әлем чемпионы атанды
Фируза Шарипова (11-1, 5 КО) IBA тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атанды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Жекпе-жек Қазан қаласында өтті. Шарипованың қарсыласы – Танзаниядан келген Хеппи Дауди (8-6-1, 4 КО). Титулдық жекпе-жек әр раунды екі минуттан тұратын 10 раундқа белгіленді. Кездесудің 5-раундында Фирузаның қарсыласы өзінің жеңілісін мойындады.
Шарипованың бірнеше соққысын жіберіп алған Хеппи жекпе-жекті ары қарай жалғастырудан бас тартты.
Осылайшақазақстандық спортшы өзінің кәсіби мансабындағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді және IBА тұжырымдамасы бойынша өз дивизионында әлем чемпионы атанды. Хеппи Дауди жетінші рет жеңіліске ұшырады.