Интернет-алаяқтар ұсталды
Атырау облысының полиция қызметкерлері 18-20 тамыз аралығында ақпараттық технологияларды, соның ішінде интернет алаяқтықпен жасалатын құқықбұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған «Anti-fraud» республикалық жедел алдын-алу іс-шарасын өткізді.
Шараның алғашқы күні Атырау облысында бұрын жасалған алаяқтық сипаттағы 8 интернет-қылмыс ашылды. Сонымен қатар, порнографиялық материалдарды тарату фактісі анықталып Қылмыстық Кодекстің 311-бабы бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.
Тәртіп сақшылары Instagram әлеуметтік желісінде жиһаз сату туралы хабарландыру жариялап, сатып алушы Атырау қаласы тұрғынынан 260 000 теңге мөлшерінде алдын-ала төлем алған Қарағанды облысының тумасын ұстады. Тексеру барысында ұсталған азаматтың осы тектес бірнеше алаяқтық қылмысқа қатысты екені анықталды. Өз кінәсін толық мойындаған азаматша әзірге қолхатпен бостандыққа жіберілді.