Облыста мектеп пен балабақша саны артпақ
Атырау облысында 10 мектеп, 5 балабақшаның құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәслихат сессиясында мәлімдеді.
– Қазіргі уақытта облыс бойынша үш ауысымды оқу жағдайындағы 12 мектепте 23 992 оқушы білім алып жатыр. Аталған мәселені шешу үшін, 3 000 орындық 4 мектептің құрылысы жүргізіліп жатса, 1 800 орындық 3 мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Сондай ақ, 5 апатты мектептің біреуінің құрылысы биыл, екі осындай мектептің құрылысы 2022 жылы аяқталады деп күтілуде. Тағы осындай екі мектептің құрылысы жоспарлануда, – деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.