«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС-не айыппұл салынды
Атырау облысында бекітілген тарифтік сметаның шығын баптарын орындамағаны үшін «Магистральдық Суағызғысына» 4 444 800 теңге айыппұл салынды. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлады.
– ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС-ін әкімшілік жауапкершілікке тартып, 1 600 АЕК көлемінде 4 444 800 теңге айыппұл салды, – делінген хабарламада.
«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру бойынша тарифтік бекітілген мөлшерді толық орындамаған.
Аталған ЖШС «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.