Доссордағы үй күзде дайын болады
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Мақат ауданының Доссор кентінде болып, тұрғын үй нысандарының құрылыс қарқынын тексерді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Доссор кентінде салынып жатқан үшқабатты 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы 2019 жылдың сәуір айында басталған. Оның 30 пәтері екі бөлмелі, қалғаны үш бөлмелі болады. Барлық пәтерде автономдық жылыту қазандығы орнатылған.
Облыс әкімі мердігерлерге нысанды белгіленген мерзімде беруді тапсырды.
Қазіргі таңда тұрғын үй құрылысы жұмыстарының 95 пайызы аяқталып, тапсыру мерзімі 25-тамызға жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, кеше Махамбет Досмұхамбетов Мақат және Жылыой ауданына барып, бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты.