Қызылқоғаны «қызыл әтеш» кезіп жүр

Қызылқоға ауданы осымен төртінші рет қызыл жалынға оранды. Бұл туралы Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Кеше сағат түскі 2-лер шамасында Қызылқоға ауданына қарасты Миялы ауылынан 60 шақырым жердегі құрғақ шөп өртеніп, жалпы ауданы 5 мың гектар жанып үлгерген.
Өртті сөндіру үшін Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жеке құрамынан 7 адам мен 1 техника және ерікті өрт сөндіруші 29 адам мен қосымша 11 техника жұмылдырылып, түнгі 2-де тілсіз жауды тоқтатты. Зардап шеккендер жоқ.
Қызылқоға ауданында осыдан 1-2 күн бұрын да 11 530 гектар аумақтағы шөп жанып кеткен еді.