Доссор—Атырау тасжолында жарылыс болды
Кеше кешкі сағат 21:40-та Доссор-Атырау тас жолының шыға берісінде орналасқан «Промгаз» мекемесіне қарасты газ құю стансасы маңында жарылыс болды.
Яғни, дәл станса жанында зауыттан 2007 жылы шыққан Уаз автокөлігі белгісіз себеппен өртеніп кетті.
Атырау облыстық Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, өрттен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға «Семсер» және Мақат аудандық №8 ӨСБ-нен 2 техника, 10 адамнан тұратын жеке құрам жұмылдырылған.