Ақан Сатаев — «Қазақфильмнің» президенті
Ақан Сатаев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен бүгін Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-на президент болып тағайындалды.
Ақан Қарғамбайұлы Сатаев 1971 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетінің 1994 жылғы түлегі.
2003 жылы «Sataifilm» студиясының негізін қалап, 2007 жылы «Рэкетир» атты алғашқы толықметражды фильмін, «Адасқан» мистикалық триллерін (2009), «Ағайынды» сериалын (2009), «Ликвидатор» психологиялық драмасын (2011), «Жаужүрек мың бала» тарихи фильмін (2012) түсірген. «Районы» криминалдық драмасы мен «Анаға апарар жол» тарихи драмасының (2016), «Бизнесмены» (2018), «Томирис» (2019) жəне тағы басқа туындылардың режиссері.
2014 жылы киноиндустрия саласының үздік өкілі ретінде «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының иегері атанды.
Жас режиссерлерді қолдауға бағытталған Astana Film Found (2016) қорының негізін қалаушы.
Ұжымға жаңа басшыны таныстырған Мəдениет жəне спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Сатаевтың алдағы қызметіне сəттілік тіледі.
Айта кетейік, бұл қызметті бұған дейін Арман Асенов атқарған.