Атыраулықтар жаңа пәтерге көшіріліп жатыр
Бірлік ықшамауданындағы апатты деп танылған тұрғын үйлерден 32 отбасы Жұлдыз ықшамауданына көшірілді. Бұл хабарды Атырау облыстық әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы таратты.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылшығы бөлімінің мәліметінше, бүгінде апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мен жатаханаларды көшіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Өткен жылы Құнанбаев–№13 мекен-жайындағы үй және Досмұхамбетов көшесіндегі 2 жатахана Береке ықшамауданындағы жаңа үйлердің біріне көшірілсе, биыл апатты деп танылған 2 үйдің тұрғындарына жаңа пәтер кілті табысталды, яғни, Әуезов көшесіндегі №22 үй Жұлдыз ықшамауданына, ал Достық көшесіндегі №14 үй тұрғындары Береке ықшамауданына қоныс аударды.
Жоспардағы апатты жатаханалар мен тұрғын үйлерді көшіру жұмыстары алдағы уақытта да жаңа үйлер құрылысының аяқталуына орай жалғасып отырмақ.