Атырауда КЖО өртке оранды
Атырау қаласының орталығында техникалық қызмет көрсету станциясы жанып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1-шілде күні сағат 21:21-де диспетчерлік қызмет пультіне Атырау мөлтек ауданында жалпы ауданы 150 шаршы метр болатын КЖО жанып жатқаны туралы шақырту түсті. Атырау облыстық Төтенше жағдай департаментінің 17 қызметкері және 5 техникасының күшімен жергілікті уақыт бойынша сағат 22:56-да өрт толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі және шығыны анықталып жатыр.