COVID-19: қайтыс болғандар кез-келген зиратқа жерленеді

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан көз жұмған адамдарды кез-келген зиратта жерлеуге болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
— Көз жұмған адамдарды жерлеу тәртібі маңызды болып қалып отыр. Қазіргі тәртіпке өзгерістер енгізілді: қайтыс болған адамды санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормаларды сақтай отырып, кез келген зиратқа жерлеуге болады, — деді министр.