Сенатқа Атыраудан 5 үміткер тіркелді

Атырауда ҚР Парламент Сенатының депутаттығына 5 үміткер тіркелді. Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлады.
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 73-бабына сәйкес Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген үміткерлердің тізімі белгілі болды. Олар:
Лұқпанов Сағындық Есенғалиұлы – 1960 жылы туған, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС-нің басқарушы директоры-басқарма мүшесі, «Nur-Otan» партиясының мүшесі, Атырау қаласының тұрғыны;
Смағұлов Серік Мұраденұлы – 1976 жылы туған, «АТМА-Атырау Әуежайы және тасымалдау» АҚ басқарма басшысының орынбасары, Атырау қаласының тұрғыны;
Сейілханов Сағын Темірханұлы – 1962 жылы туған, «ҚТЖ» ҰК АҚ» – «Атырау магистральдық желі бөлімшесінің» бас инженері, Атырау қаласының тұрғыны;
Арыстан Серік Бисешұлы – 1965 жылы туған, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің департамент директоры, Атырау қаласының тұрғыны;
Қарабаева Айжан Сәрсенқызы – 1976 жылы туған, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің директоры, Атырау қаласының тұрғыны;

Заң бойынша әр өңірден 2 адам ҚР Парламенті сенатына депутат болып сайлана алады.