Атырау облысының мәдениетіне енді Рысқалиев жауапты
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың өкімімен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына жаңа басшы болып Ақылбек Аманбайұлы Рысқалиев тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақылбек Рысқалиев 1971 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика институтынан «Мәдени ағарту жұмыстарының ұйымдастырушы методисі» мамандығын алса, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1992 жылы Атырау облысы, Исатай аудандық мәдениет бөлімінің әдіскерлер орталығының әдіскері лауазымынан бастаған. 1994–2006 жылдары әдіскерлер орталығының меңгерушісінен Мәдениет үйінің директорына дейін түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2006 жылы Аққыстау ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет еткен. 2012 жылы Исатай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.
Жаңа қызметке келгенге дейін Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметінде болған.