Өрттің салдарынан пәтер иесі ауруханаға жеткізілді
Кеше Атырау қаласы «8 март» көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Бұл туралы Атырау облысы Төтенше жағдайлар Департаменті хабарлады.
Төтенше жағдай туралы хабар өрт сөндіру қызметінің диспечерлік пультіне кешкі сағат 8-ден кете түсіп, оқиға орнына 2 техникамен дереу жеткен 8 қызметкер 63 адамды эвакуациялаған. Оның 7-еуі — бала.
Ал 1943 жылғы туған пәтер иесі есінен танып қалып, тез арада ауруханаға жеткізілген.
Жарты сағатқа жуық уақыт ішінде өрт толығымен ауыздықталды.
Қазір тілсіз жаудың шығу себебін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Қуаныштысы, қаза тапқандар жоқ.