Атырауда коронавирустан 48 жасар тұрғын қайтыс болды

1972 жылғы әйел адам 13 маусым күні дене қызуының көтерілуі, тыныс алу қиындығы мен жөтел барын айтып дәрігерлерге шағымданған.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ақ халаттылар оны жедел жәрдем көлігі арқылы Жылыой аудандық ауруханасының провизорлық бөліміне жеткізіп, денсаулығын тексерген. Сараптама нәтижесінде, өкпесінің жартысы қабынғандығы анықталып отыр.
Бұған дейін денсаулығына байланысты еш жерде есепте тұрмаған науқас дәрігерлердің дамылсыз көмегіне қарамастан 15 маусым күні қайтыс болды.