Электр энергиясы мен ыстық су уақытша тоқтайды
14 маусым мен 19 шілде аралығында «Sarens Kazakhstan» ЖШС-гі «АтырауӨзенПорт » өндірістік алаңынан Қарабатан ауылы маңындағы газохимиялық зауыттың құрылыс алаңына дейін 5 дана ірі габаритті технологиялық жабдықтарды тасымалдайды, – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Ірі көлемдегі жүкті тасымалдау маусым айының 14, 21, 28 күндері мен шілде айының 5, 12, 19 күндері жүзеге асырылады. Жүк тиелген көлік Балықшы ықшамауданы Қожақаев көшесі мен Азаттық даңғылы, С.Датов, Элеватор, Қабдолов көшелері арқылы Бірлік ықшамауданына өтіп, Атырау—Доссор тасжолына түседі.
Тасымал уақытында көрсетілген көше жолдары уакытша жабылып, жол бойындағы жүк көлігіне кедергі келтіретін бағдаршамдар мен бағандар алынады. Сондай-ақ, ыстық су және жылу желісі мен электр энергиясы ажыратылады.
Мұндай алып жүк былтыр да тасымалданып, тасымал барысында бір адамның денсаулығына айтарлықтай зиян келген еді.