Жас экологтар марапатталды
Экологтар күніне орай ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев экологиялық тақырыптарға байланысты сурет, қолдан жасалған бұйымдар мен бейнероликтерге республикалық конкурс ұйымдастырып, оның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.
Байқау «Табиғатты және экологияны сақтау», «Жануарлар дүниесін сақтау», «Қоқысты сұрыптау» бағыттары бойынша жүзеге асты.
2000-нан астам жұмыс сайысқа түсті. Төрешілер тарапынан шығармашылық көзқарас, өзектілік, креативтілік ескерілді.
Оқушылардың әр жұмысында туған елдің табиғатына, болашағына деген үлкен қамқорлық жатыр және олардың барлығы маңызды.
«Әрбір адам бала кезінен бастап жерге, суға, ауаға ұқыпты қарау туралы ойланып, оларды сақтауға тырысу керек. Тек қана біз – ересектер мен балалар – ғаламшардың ресурстарын тұтынуды төмендетіп, табиғатымызды сақтап қала аламыз. Менің жас достарым, туған ел табиғатын қорғауға белсенді араласады деп сенемін», — деді Министр өзінің құттықтау сөзінде
Байқаудың Гран-при иегері атыраулық 4-сынып оқушысы Самира Сисенғали атанса, кішкентай жерлестеріміз Асан Берік пен Алмас Ғабидолла бірінші және үшінші орындарды жеңіп алды.