Атырауда COVID-19 жұқтырғандар жетпіске жетті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы Қазақстандағы коронавирус бойынша (15 сәуір, 09:25) эпидемиологиялық жағдай туралы хабар таратты. 

Онда коронавирус індетін жұқтырған тағы 29 адам тiркелгені айтылған. Яғни, таңғы мәлімет бойынша Атырау облысында 1, Шымкент қаласында 1, БҚО 6, Маңғыстау облысында 1, Қызылорда облысында 3, Қарағанды облысында 2, Нұр-Сұлтан қаласында 9 адам, Алматы қаласындам 6 адам қауіпті індетті жұқтырған екен.

Елімізге Covid-19 келгелі Нұр-Сұлтан қаласында 291 адам, Алматы қаласында 364 адам, Қарағанды облысында 80 адам, Ақмола облысында 79 адам, Атырау облысында 70 адам, Жамбыл облысында 49 адам, Шымкент қаласында 40 адам, Шығыс Қазақстан облысында 8 адам, Алматы облысында 24 адам, Ақтөбе облысында 12 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 26 адам, Павлодар облысында 11 адам, Маңғыстау облысында 11 адам, Қызылорда облысында 124 адам, Батыс Қазақстан облысында 18 адам, Түркістан облысында — 49 адам, Қостанай облысында 5 адам — жалпы 1261 науқас тіркелді.