Карантин келесі айға дейін ұзарды
Атырау қаласында орнаған карантин келесі айға дейін созылды. Бұл туралы ресми органдар хабар таратты.
Атырау облысы Бас санитарлық дәрігерінің Атырау облысы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қосымша шаралары туралы қаулысы бойынша, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» ҚР Президентінің қаулысына сәйкес, Атырау қаласында карантинді және шектеу шараларын 2020 жылғы 1 мамыр, сағат 07:00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.
Бұған дейін Атырау қаласындағы карантин режимі 15 сәуірге дейін орнаған еді.