Жеті адам коронавирустан жазылды

Атырауда жеті адам коронавирустан жазылды. Бұл туралы ресми органдар хабар таратты. 

Атырау облысы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабының хабарлауынша, қазіргі уақытта Covid-19 індетінен айыққандардың жалпы саны 12-ге жеткен.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, коронавирус инфекциясынан емделіп шыққандар бүгін, 14 сәуір түстен кейін шығарылған. Олардың барлығы өзін жақсы сезінеді.

Қазір инфекциялық стационарда 51 науқас бар. Ал барлығы 12 тұрғын коронавирустан толық жазылып шықты.