Коронавирус: 110 адам жазылды
Қазақстанда 110-шы адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы.
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған 6 науқас, Атырау облысында 3 науқас, Қызылорда облысында 1 науқас, Маңғыстау облысында 1 адам сауығып, ауруханадан шықты.
Бүгін түске дейін елімізде жалпы 110 адам үйіне жіберілді, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда – 43, Алматы қаласында – 49, СҚО – 1, Ақтөбе облысы – 1, Жамбыл облысында -3, Павлодар облысында- 1, Алматы облысында — 1, Қарағанды облысында — 1, Шымкент қаласында – 2, Атырау облысында — 5, Батыс — Қазақстан облысында -1, Маңғыстау облысында -1, Қызылорда облысында – 1 адам.