Қызылқоғаның бас полицейі өзгерді

ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтің 10 сәуір 2020 жылғы №99 бұйрығы бойынша полиция подполковнигі Нұғманов Нұркен Тоқтарқұлұлы Қызылқоға ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы жергілікті Қызылқоға газетінің ресми сайты хабарлады. 

Нұркен Нұғманов 5 ақпан 1973 жылы Сағыз ауылында дүниеге келді.

Атырау мұнай және газ институтын және Алматы қаласындағы «Қайнар» заң университетінде құқықтану мамандығы бойынша білім алды. Ішкі істер органдарындағы еңбек жолын Атырау облыстық ішкі істер басқармасында қатардағы полиция қызметкері болып бастаған ол кейіннен облыстық тергеу комитетінде инспектор, ішкі істер басқармасының қабылдау-тарату бөлімінде аға инспектор, бөлім бастығының орынбасары, Жылыой аудандық ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, Жаңа Қаратон поселкесінің полиция бөлімшесінің бастығы, облыстық ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасының жеке тұлғаға қарсы бөлімінің аға жедел уәкілі, Қызылқоға аудандық полиция бөлімі бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары, қызмет жөніндегі орынбасары және күні бүгінге дейін бөлім бастығының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарды.

Жанұялы, отбасында бес бала тәрбиелеп отыр.