Пандемия премьер-министрге жетті

Әлемді жайлаған қауіпті індет Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсонды да айналып өтпеді. Оны мемлекеттік дереккөздер растап отыр.

Ауруханада жатқан ол қазір еркін дем алуы үшін арнайы құрылғыға тәуелді болып жатқанға ұқсайды. Бірақ әлі де болса жұмысынан бас тарта қоймады. Жөтел мен жоғары температураға қарамастан, министрлер кабинетін онлайн басқаруда.