Жиырмасыншы науқас — 37 жасар атыраулық тұрғын
«Атырауда қауіпті дертті жұқтырған жиырмасыншы науқас тіркелді» деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы жолдаған ақпаратқа сәйкес, 1983 жылы туған науқас бұған дейін бірнеше адамға вирус таратқан әйел адаммен қарым-қатынас жасағандардың тізімінде болған.
Бұған дейін қауіпті дертке шалдыққан Орал қаласы тұрғынының 37 адаммен жақын байланыста болғаны анықталған еді.
Қазіргі таңда 37 жастағы атыраулық науқас толықтай оқшауланып, инфекциялық карантинге жатқызылды.