Жаңалықтар
Атырау облысында малдың 69%-ына сібір жарасына қарсы екпе егілді
Астанада Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысы өтті. Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен жиынға орталық аппараттың, аумақтық комитеттердің басшылары, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы салаларына жетекшілік ететін облыстардың барлық орынбасарлары қатысып, ветеринария саласындағы өзекті мәселелері мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО. Министр 2023 жылы Қазақстанның төрт облысында жануарлардың аса қауіпті…
Толығырақ »Республикада жүк тасымалы 22%-ға артқан
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында автокөлік құралдарымен жүк тасымалдауды және транзитті дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО. Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев баяндағандай, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша республикада жүк тасымалының көлемі 5,5 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға артық. Тасымалдағы отандық операторлардың үлесі…
Толығырақ »Биыл Атырауда жол апатынан 89 адам қаза тапты
2023 жыл басталғалы Атырау облысында 324 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 89 адам қаза тапса, 416 адам әртүрлі деңгейде жарақаттанған. Дегенмен былтырғымен салыстырғанда жолдағы апат 0,6%-ға төмендеген, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке келген Атырау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының жол қозғалысын қадағалау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы…
Толығырақ »Мұқырда 100 млн теңгеге жөнделген саябақ ашылды
Мұқыр селосында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында толықтай күрделі жөндеуден өткен орталық саябақ пайдалануға берілді. Жоба құны 100 млн 797 мың теңге болғанын естеріңізге саламыз, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО. Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімеиінше, жаңарған саябақтың ашылу салтанатына аудан, округ әкімдері, ауыл тұрғындары қатысты. – Жаңа кейіпке енген орталық…
Толығырақ »Жылыой әкімі кәсіпкерлермен еркін әңгімелесті
Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов ауданның бірқатар кәсіпкерлерімен бизнес-таңғы аста кездесті, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, еркін сұқбат түрінде өткен кездесуге әкімнің орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшылары және аудан кәсіпкерлері қатысқан. Жиында бизнес өкілдері өз кәсіптерін таныстырып, бірқатар ұсыныс-пікірлерін білдірді. Олар өзара таныса отырып, бір-бірінің кәсібін қолдау…
Толығырақ »Атырауда Ықылас күйшінің 180 жылдығына арналған кеш өтті
Атырауда композитор Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығына орай «Бозінген» атты шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО. Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен қазақтың атақты күйші-қобызшысы, композитор Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығына арналған «Бозінген» атты шығармашылық кеш өтті. Іс-шараға Ықылас Дүкенұлының ұрпағы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Атырау күйшілер одағының жетекшісі…
Толығырақ »Индер ауданының әкімі жергілікті белсенділердің басын қосты
Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов аудандық мәдениет үйінде қоғамдастық жиынының мүшелерімен кездесті. Жиынға аудан көлеміндегі 10 елдімекеннің қоғамдастық өкілдері қатысып, ұсыныстарын ортаға салды, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО. Аудан әкімі аппараты баспасөз қызметінің мәліметінше, жиын барысында Өрлік ауылдық округінің қоғамдастық жиын мүшесі Т.Шманов қаделердегі дастарқан мәзірі, ауылдарда мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бағытында кездесулерді…
Толығырақ »Құлсарыда инклюзивті психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеті ашылды
Құлсары қаласындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп базасында инклюзивті психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеті ашылды. Аталған кабинет «Ой-Сана» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен ашылып отыр, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО. Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мектепте инклюзивті психологиялық-педагогикалық қолдау кабинетінің болуы кез-келген баланың, оның ішінде ерекше білімді талап ететін баланың дамуы үшін…
Толығырақ »Қазақстан мұнай өндіруді уақытша қысқартуға келісті
Кеше JMMC бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 51-ші отырысы мен бейнеконференция форматында ОПЕК+ ұйымына мүше елдердің 36-шы министрлік кездесуі өтті. Оған Қазақстан атынан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қатысты, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО. Отырыста осы жылғы қыркүйек–қазан айларында мүше елдердің келісімі бойынша міндеттемелерді орындауы және мұнай нарығындағы ағымдағы ахуал талқыланды. Нәтижесінде, Қазақстан 2024…
Толығырақ »Қарулы күштер қысқы мерзімге дайын
ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайыновтың өкімімен ұйымдастырылған Бас штабтың, түрлер мен әскер тектерінің комиссиялары гарнизондар мен әскери бөлімдердегі қару-жарақ пен әскери техника қысқы кезеңде пайдалануға дайын деген тұжырым жасады, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО. ҚР Қарулы күштерінің 2023 оқу жылына арналған негізгі…
Толығырақ »









