Құлсарыда инклюзивті психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеті ашылды
Құлсары қаласындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп базасында инклюзивті психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеті ашылды. Аталған кабинет «Ой-Сана» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен ашылып отыр, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мектепте инклюзивті психологиялық-педагогикалық қолдау кабинетінің болуы кез-келген баланың, оның ішінде ерекше білімді талап ететін баланың дамуы үшін кедергісіз, толерантты және достық атмосфералық жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Осыған дейін «Ой-Сана» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен №22, 23, 10 мектеп базаларында инклюзивті психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеті ашылған еді. Ал «Сенім тірегі» қоғамдық қоры №16 және №7 мектеп базаларында инклюзивті қолдау кабинеттерінің ашылуына ықпал етті.