Жаңалықтар
Атырауда көшеде жүруге тыйым салынды
6 сәуір күні Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 29 наурыздағы «Атырау облысы аумағында қосымша шектеу іс-шараларын енгізу туралы» қаулысына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, тамақ өнімдерін, мал шаруашылығы өнімдерін, дәрі-дәрмектер, медициналық…
Толығырақ »Қазақстандық ғалымдар коронавирусты анықтайтын құрылғы жасап шығарды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Масғұт Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы мен Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық биотехнология орталығының ұжымдарына құттықтау хат жолдады. «Ғылыми институттардың ұжымдарын COVID-19 коронавирусын анықтауға арналған диагностикалық тест жүйесін әзірлеуімен құттықтаймын! Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы мен Ұлттық…
Толығырақ »Облыс әкімі бекеттерді аралады
Кеше Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов блокпосттардың жұмысын қарап шықты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Карантинге байланысты қалаға апаратын жолдардың төрт кіреберісіне арнайы блокпост қойылған еді. 2 сәуірден бастап тосқауыл бекеттерінен тек рұқсаты бар автокөліктер ғана өтуде. Аймақ басшысы блокпосттардың жұмысымен танысып, мамандармен және транзиттік жүк көліктері жүргізушілерімен…
Толығырақ »Коронавирус: тағы алты адам қосылды
Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, облыс бойынша жұқпалы дертпен ауыратындардың саны бірден алтауға көбейген. Індетті жұқтырғандардың қатарында 1986, 1983, 1960 жылғы ер және 1969, 1957 жылғы әйел адамдар бар. Ал алтыншы науқас – 18 жастағы қыз. Қазіргі уақытта оларды арнайы орындарға орналастырып, қажетті ем-дом жасалып жатыр. Сонымен қатар, ауру…
Толығырақ »Атырау облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында — жаңа басшы
Облыс әкімінің өкімімен Сәлімбаев Азамат Серікболұлы Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Азамат Сәлімбаев 1985 жылы 20 шілдеде Шығыс-Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданында дүниеге келген. 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Еңбек жолын 2007 жылы 31 шілдеде Атырау облысы Энергетика және…
Толығырақ »42 500 теңгені алудың жолы жеңілдеді
42500 теңгелік әлеуметтік төлемақыны ЭЦҚ-сыз алуға болады, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі. Ол үшін төменде көрсетілген нұсқауды пайдаланыңыз: 1. eGov порталының алғашқы бетіндегі Сервистер бөлімінен «ТЖ кезінде 42500 теңге төлеу» қызметін таңдаңыз; 2. Жүйеге кіру үшін ұсынылған нұсқалардың ішінен ЖСН мен телефон нөмірін енгізе отырып,…
Толығырақ »Атырауда бекеттерден заңсыз өтпек болғандар ұсталды
Атыраудағы блокпосттарды заңсыз бұзып өтпекші болған алты адам ұсталды. 2 сәуір түнгі 00:30 шамасында Өзбекстан елінің 1986 жылғы азаматы Алмалы—Талдыкөл селолары арасындағы қара жолдан Индер бағытына жаяу өтпекші болған. Ұсталған азаматқа қатысты ӘҚБтК 476-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сот қаулысымен бес тәулік қамаққа алынды. Ертеңгілік сағат 08:20-да…
Толығырақ »Екі аптада 10 миллион адам жұмыссыз қалды
Осы аптада АҚШ-та коронавирустың салдарынан 6,65 миллион адам жұмысынан айрылып, мемлекеттен жәрдемақы алуға өтініш білдірген. Бұл – АҚШ тарихындағы рекорды көрсеткіш, деп жазады Егемен Қазақстан газетінің ресми сайты. АҚШ Еңбек министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 28 наурыздан бері 7 миллионға жуық адам жұмыспен қамту орнына тіркеліп, жәрдемақы алуға өтініш түсірген. Бұған басты…
Толығырақ »Атыраулық медқызметкерлер апта бойы үй көрмеген
Атырауда инфекциондық стационарда апта бойы 60 медициналық қызметкер жұмыс істеуде. Олар күн сайын Cоvid-19 індетін жұқтырған науқастарды емдеп, оларға қажетті күтім көрсетеді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Облыстық аурухана директорының орынбасары Надя Ерғалиеваның айтуынша, медициналық қызметкерлер арасында дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер, еден жуушылар мен ағаш ұсталары бар. 27 наурыздан…
Толығырақ »Атырау қаласы: кіруге де, шығуға да болмайды
Бүгіннен бастап тосқауыл бекеттерінен өтуге рұқсаты бар автокөліктер ғана өте алады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллиннің хабарлауынша, карантин кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қала бойынша белгіленген уақытша шектеулерге 674 қызметкер мен 68 автокөлік жұмылдырылған. Оның ішінде ішкі істер органдарының 500 қызметкері, Ұлттық…
Толығырақ »









