Жаңалықтар
Құрманғазы ауданында Батыс аймақтық ақындар айтысы өтті
Құрманғазы ауданының 95 жылдық мерейтойына арналған «Қасиетіңнен айналайын, Құрманғазым!» атты Батыс аймақтық ақындар айтысы өтті. Жыр додасын Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен Құрманғазы ауданының әкімдігі ұйымдастырып отыр. — Қасиетті ауданымыздың мерейтойы осындай дүбірлі жыр додасымен басталып жатыр. Айтыс — ұлттық өнердің асыл қазығы болса, ақын — халықтың…
Толығырақ »Жылыойлық полицейлер 5 қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды
20 қазан күні, сағат 15:55 шамасында 102 арнасына Жылыой ауданы №2 шағын ауданының 1985 ж.т. тұрғыны күйеуінің 5 қабаттан секіргелі тұрғанын хабарлаған, деп мәлімдейді Атырау ПД баспасөз қызметі. Аталған хабарлама бойынша учаскелік полиция инспекторлары, полиция лейтенанты Алтай Дүйсенғалиұлы, Нұрасыл Муканов, Бауыржан Тасекенов және полиция капитаны Әділет Рахымұлы мекен-жайға уақтылы жетіп,…
Толығырақ »«Мұнайшылар даңқы» қабырғасы жаңа есімдермен толығып, зертханалар ашылды
Республика күні қарсаңында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде мұнай-газ саласында еңбек етіп, өшпес мұра қалдырған тұлғаларды ұлықтап, еске алуға арналған іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Университет базасындағы Н.Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту орталығында «Мұнайшылар даңқы» қабырғасы жаңа ескерткіш тақталармен толықты. Атап айтсақ, Қазақстанның еңбек сіңірген мұнайшысы,…
Толығырақ »Атырауда азаматтық істер бойынша 624 талап қою арызы тіркелген
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне жыл басынан бері 624 талап қою арызы келіп түскен. Алдыңғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш биыл 280 арызға, яғни, 44,9%-ға көбейген. Бұл туралы Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Жанат Хабаров мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.…
Толығырақ »Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі Сарыарқа төрінде өнер көрсетті
Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі Сарыарқа төсіндегі сайыпқыран ағайынға айшықты шығармаларын ұсынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайтаткері Рахила Ерғалиева мен дирижер Болат Долдашовтың сүйемелдеуімен белгілі күйші-композиторлардың туындылары шебер орындалды. «Жастар» сарайына жиналған кеш тыңдармандарын дирижер, Атырау облысының Құрметті азаматы, өнертану профессоры,…
Толығырақ »Құрманғазы ауданының Бөкейхан ауылында 250 орындық мешіт ашылды
Құрманғазы ауданының Бөкейхан ауылында 250 орындық мешіт ашылды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ауыл ақсақалдары, зиялы қауым өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысқан ауқымды шара 25 қазан – Республика күніне орайластырылып отыр. Замануи үлгіде салынған «Салиха Ана» мешітінде құран оқу залы, намаз оқуға арналған залдар, имамдар бөлмесі бар. Сәулеті келіскен…
Толығырақ »Сарытоғай ауылында ойын алаңы пайдалануға берілді
Сарытоғай ауылында балаларға арналған ойын алаңы ашылды. Бұл туралы Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Махамбет ауылдық округінің әкімі Руслан Әженовтің айтуынша, ойын алаңы өңірлерді дамытудың 2025 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде салынған. Жобаның құны — 15 млн. теңге. Мердігер «Ди Рай» мекемесі жасанды төсеніш төсеп, балаларға арналған заманауи құрал-жабдықтар орнатқан.…
Толығырақ »Атырауда ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбаевамен кездесу өтті
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Ұлттық құндылық — тәрбиенің қайнар көзі» атты ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Qazaqstan dauiri» газетінің бас директоры Сәуле Мешітбаевамен кездесу дәрісі өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Кездесу барысында С.Мешітбаева жастар алдында өзінің өмірбаянымен, кәсіби жолындағы деректерімен және өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ жас буынға үлгі боларлық ғибратты…
Толығырақ »Автокөлік жолының құрылысы мен саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі қаралды
Кеше аймақ басшысы Серік Шәпкеновтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Жиында Серік Шапкенов жауапты сала мамандарына облыста жол-көлік оқиғасы жиі тіркелетін «Атырау-Доссор» тас жолына ерекше назар аударып, аталған жолдың жақсаруын жүйелі шешуді тапсырды. Сонымен қатар қала ішіндегі…
Толығырақ »Қ.Нұртаев: облыстық ТЖД ғимараты көшіріледі
Атырауда Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында 19 қазан — Құтқарушылар күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Аталған шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, облыстық ТЖД бастығы Нұрлан Жанабаев және құтқарушы қызметкерлер мен сала ардагерлері қатысты. Іс-шара сала қызметкерлері үшін жағымды жаңалықпен басталды. Аймақ басшысының орынбасары облыстық ТЖД басқа ғимаратқа…
Толығырақ »