Жаңалықтар
Аймақтың әскери-патриоттық клубтары кезең жеңімпазы атанды
Атырау қаласының әскери-патриоттық клубтары «Айбын» республикалық байқауының кезең жеңімпаздары атанды. Бұл туралы Атырау гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады. Олар – «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Батыс» және Атырау облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының «Махамбет» әскери-патриоттық клубы. Аталмыш жиынға еліміздің барлық аймағынан 39 команда қатысуда. Оның ішінде республикалық «Жас ұлан» мектептері, облыстық…
Толығырақ »Атыраулық жауынгердің хаты Смоленск облысынан табылды
Екінші дүниежүзілік соғысқа Атырау облысынан аттанған жауынгердің хаты мен құтысы Ресейдің Смоленск облысынан табылды. Бұл туралы lenta.inform.kz хабарлады. Бірақ оның аты-жөні әзірге белгісіз. «Переправа» іздестіру отрядының командирі Наталья Максимованың мәліметінше, жауынгердің хаты Смоленск облысы, Кардымов ауданы, Русаново елді мекені аумағындағы қайың тоғайда іздеу-барлау экспедициясын өткізу кезінде табылған. Алдымен жауынгердің құтысын,…
Толығырақ »Атырау–Астрахан тасжолында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде
Атырау облысындағы Атырау–Астрахан тасжолының қалған 217 шақырымында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Реконструкция жұмыстары биыл басталып, қазір 616–833 шақырымындағы учаскеде іске асуда. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Қайта жаңарту Атырау қаласының шекарасынан Құрманғазы ауданындағы Ганюшкин ауылына дейінгі аумақта жүргізілуде. Жоба 4 участкеге бөлінген. Жолшылар жер төсемін салу, жасанды…
Толығырақ »Жаңа телеарна ашылады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Халық арна» республикалық телеарнасы ашылады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай көптеген игі шаралар ұйымдастырылды. Пандемия кезінде мүфтият қайырымдылық бағытта бірқатар шаралар атқарды. Сонымен қатар карантин кезінде онлайн насихат жұмыстарының маңызы артты. Дегенмен ақпарат ғасырында жаңа технологияны…
Толығырақ »Теле-радио арналары уақытша хабар таратпайды
Телерадиохабар тарату желілерінде жоспарлы алдын алу жұмысы жүргізіледі. Бұл туралы «Қазтелерадио» АҚ-ның ресми сайты хабарлады. 19 қараша сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфир желілерінің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты Қазақстанның бүкіл аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады» деп ескертеді компания. «Қазтелерадио» АҚ…
Толығырақ »Экологтар 5,1 млрд. теңгені өндірді
Атырау облысының экологтары соңғы 9 айда қоршаған ортаға келтірілген залалға байланысты 5,1 миллардтан астам теңге өндірді. Бұл туралы Атырау облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Биылғы 9 айда жалпы сомасы 810 миллион 57 мың теңгеге мөлшерінде қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу туралы 42 нұсқама берілген. Атырау облысы бойынша экология…
Толығырақ »442 адамнан КВИ анықталды
Қазақстанда соңғы тәулікте 442 адам коронавирус жұқтырды. Індет барлығынан ПТР арқылы расталды. Оның ішінде 3 адам Атырау облысынан. Сондай-ақ, өткен тәулікте 114 адам емделіп шықса, 5 адам қайтыс болды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 112 860-қа жетті.
Толығырақ »100 бозбала Отан алдындағы міндетін өтеуге аттанды
Атыраудан 100 жас оңтүстік өңірдегі Гвардейск елдімекеніндегі әскери бөлімде қызмет етуге аттанды. Күзгі әскерге шақыру науқаны кезінде Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне жас арбаздардың алғашқы легін аттандыру Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жанындағы жинақтау пунктінде өтті. Медициналық комиссиядан өтіп, әскери киімдерін қолға ұстаған 100 болашақ сарбаздың жартысы әскери бөлімге жіберілді.…
Толығырақ »Президенттің халыққа үндеуі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды карантин шараларын сақтауға шақырды. – Көптеген шет елдердегі коронавирус індетінің таралу жағдайы алаңдатарлық. Барлық жерде қатаң шаралар, оның ішінде, локдаун тәртібі қайта қабылданып жатыр. Қазақстандықтарды Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын ұстанып, карантин шараларын сақтауға шақырамын. Үкімет бизнес пен экономиканың мүдделерін негізге ала отырып жұмыс істейді. Пандемияның…
Толығырақ »Іс-шара барысында тағы 5 келі есірткі табылды
«Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Атырау облысы Полиция Департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала шетінде орналасқан Зарослый ауылының 28 жастағы тұрғынын ұстады. Мекенжайын тексеру барысында, екі полиэтиелен қапқа салынған есірткі заттары табылып, алынды. Сараптама қортындысымен, тәркіленген есірткі-марихуананың жалпы салмағы 5 келі 30 грамм. ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық…
Толығырақ »









