Атыраулық жауынгердің хаты Смоленск облысынан табылды

Екінші дүниежүзілік соғысқа Атырау облысынан аттанған жауынгердің хаты мен құтысы Ресейдің Смоленск облысынан табылды. Бұл туралы lenta.inform.kz хабарлады.
Бірақ оның аты-жөні әзірге белгісіз.
«Переправа» іздестіру отрядының командирі Наталья Максимованың мәліметінше, жауынгердің хаты Смоленск облысы, Кардымов ауданы, Русаново елді мекені аумағындағы қайың тоғайда іздеу-барлау экспедициясын өткізу кезінде табылған. Алдымен жауынгердің құтысын, содан кейін белдігін тапқан. Олар ағаш тамырының астында 30 – 40 сантиметр тереңдікте жатқан. Белгісіз жауынгердің медальонында «Каз. ССР. Гурьевская область, г.Гурьев, Баксайский р-н, посёлка Сарайчик, получить Ербатыровой Рахимой» деген жазба бар. Бірақ өкінішке қарай жауынгердің өз аты-жөні жазылмаған.