Денсаулық
Коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбеюде
Қазақстанда өткен тәулікте 179 адамда коронавирус індеті ПТР-тест арқылы расталды.Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады. Оның тоғызы Атырау облысынан.Сонымен қатар, өткен тәулікте аймақта 38 адам осы дерттен емделіп шықты. Атырау облысында Covid-19 инфекциясымен жалпы ауырғандар саны – 11 241, ал жазылғандар – 11 021. Көз жұмғандар 71 адамға жетті. Жалпы ел…
Толығырақ »Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
17 тамыздан бастап Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, кейін басқарма басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарып келген Асхан Байдуәлиев Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Асхан Байдуәлиев – дәрігер-уролог, медицина ғылымдарының кандидаты. С. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетін аяқтаған Асхан…
Толығырақ »Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы екпе алған 13 адам қаза тапты
Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы екпе алған 13 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту министрлігі хабарлады. Бірінші өлім жағдайы 16 қазанда Инчхон қаласында тіркелген. 17 жастағы мектеп оқушысы вакцинациядан кейін көп ұзамай қайтыс болды. Осындай жағдайлар Сеулде, Кенгидо провинциясында және басқа аймақтарда тіркелген. Марқұмдардың дені қарт адамдар.…
Толығырақ »Тағы 6 адамнан індет анықталды
Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған алты адам анықталған. Қауіпті дертке шалдыққандардың үшеуі – Атырау қаласынан, 1 адам – Қызылқоға ауданынан, ал қалған 2 науқас – Теңіз кенішінің жұмысшысы. Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша 49 адам осы аурудан жазылып шықты.
Толығырақ »Дәрінің 3 айлық қоры бар
Облыстың медициналық ұйымдарында қажетті дәрілердің, оның ішінде коронавирусқа қарсы препараттардың қоры жеткілікті. Бұл туралы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Өңірдің дәріханалар желісіндегі дәрілік заттардың төмендемейтін қорын қамтамасыз ету үшін «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы аса қажетті 40 түрлі дәрілік заттар сатып алынған. Бүгінде олардың біразы облыстың 164 дәріханасына…
Толығырақ »Бүгінге дейін 66 адам өз ағзасын беруге келіскен
Электронды үкімет порталында қайтыс болғаннан кейін адамның мүшелерін алуға келісім беру немесе бас тарту бойынша онлайн қызмет іске қосылды. qazaqstan.tv-дің мәліметінше, бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин сенатта өтіп жатқан үкімет сағатында хабарлады. Бүгінде Денсаулық сақтау кодексі бойынша әрбір адам өз ағзаларын беруге немесе одан…
Толығырақ »Стационарларда 59 науқас жатыр
Атырау облысында коронавирустан 59 адам емделіп жатыр,. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. ⠀ Қазіргі уақытта №2 облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекциялық стационарында Сovid-19 жұқпасымен 26 науқас ем алуда. Үш пациент аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Олар 40 пен 65 жас аралығындағылар. ⠀ Ал Теңіз кенішіндегі аурухананың инфекциялық…
Толығырақ »Дәрі ішіп уланған жасөспірім құтқарылды
Атыраулық дәрігерлер қан қысымын түсіретін дәріні көп мөлшерде ішіп, уланып қалған 12 жасар қызды аман алып қалды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Дәріден уланған қыз баланың жағдайы нашарлаған күйде облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары…
Толығырақ »Өңірде тағы 10 адамнан инфекция анықталды
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, қауіпті дертке шалдыққандардың сегізі – Атырау қаласынан, 1 адам – Жылыой ауданынан, ал 1 науқас – Теңіз кенішінің жұмысшысы. Бес науқаста індет симптомды, қалған бесеуінде симптомсыз өтуде. Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша 57 адам қауіпті инфекциядан жазылып шыққан. Бүгінге дейін өңірде осы…
Толығырақ »Медицина қызметкерлері қарашаға дейін өтемақыларын толықтай алады
Атыраулық 759 медицина қызметкерінің құжаттары мақұлданып, өтемақысы толық төленетін болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. ⠀ Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Асхан Байдуәлиевтің мәлімдеуінше, 1 055 медицина қызметкерінің құжаты комиссияға ұсынылды. ⠀ Өңірде маусым айында эпидемиологиялық ахуалдың күрделі болуына байланысты өтемақы төлеу…
Толығырақ »