Коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбеюде

Қазақстанда өткен тәулікте 179 адамда коронавирус індеті ПТР-тест арқылы расталды.Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.
Оның тоғызы Атырау облысынан.Сонымен қатар, өткен тәулікте аймақта 38 адам осы дерттен емделіп шықты.
Атырау облысында Covid-19 инфекциясымен жалпы ауырғандар саны – 11 241, ал жазылғандар – 11 021. Көз жұмғандар 71 адамға жетті.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 110 086 болды.
Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның жалпы ел бойынша 186 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 27 адам емделіп шыққан.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 36 567, өлім жағдайы – 391, ал жазылып шыққандардың саны 28 390 жетті.