Білім
Оқушының мектепке не киетінін ата-анасы шешеді
Оқушылардың мектепке қандай формамен келетінін ата-аналар өздері шешетін болды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпараттан белгілі болды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы формаға қойылатын талаптар жойылмайды, бірақ уақытша өзгерістер енгізілді. – Соған байланысты биыл ата-аналар баланы мектеп формасында немесе басқа да ыңғайлы киіммен жіберу туралы шешімді…
Толығырақ »Мұқтаж оқушыларға компьютер мен роутерлер беріледі
Биылғы оқу жылында облыстың 196 мектебінде 131 900 оқушы білім алады. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхаметов брифингте мәлімдеді. Пандемия жағдайына байланысты 2020-2021 оқу жылын оқушылар қашықтықтан оқиды. Бірақ ата-аналар өтінішіне орай, бастауыш сыныптар үшін кезекші сыныптар ұйымдастырылады. Облыстағы 16 693 оқушыға компьютер қажет деген облыс басшысы бұл мәселені шешу…
Толығырақ »Облыс бойынша 1 446 кезекші сынып ашылады
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың айтуынша, биыл 170 мектепте 1 446 кезекші сынып ашылып, оларға 21 мың 637 оқушы барады. Пандемия жағдайына байланысты сыныпішілік қауіпсіздік шаралары қатаң түрде сақталады. — Мектептер залалсыздандыру құрал-жабдықтарымен толық қамтылды. Үнемделген қаражатқа тепловизорлар алынып жатыр. Сондай-ақ, шалғай 17 елді мекеннің бастауыш сынып оқушылары көлік тасымалымен…
Толығырақ »Оқушыларға компьютер таратылып жатыр
Атырау облысында компьютер қажет оқушыларға 15 246 мектеп компьютері қайтарымды келісіммен таратылып берілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. — Қазіргі уақытта 16 639 оқушының компьютері жоқтығы анықталып отыр. Осы мәселені шешу үшін мектеп компьютерлері уақытша пайдалануға берілуде. Бүгінде 15 246 оқушыға қайтарымды келісіммен мектеп компьютерлері таратылып берілуде, — деді…
Толығырақ »Кезекші сыныпқа 21 мың өтініш түсті ⠀
Атырау облысында 21 мың оқушыға ата-аналар тарапынан кезекші сыныптарда оқу бойынша өтініш келіп түскен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. ⠀ Жаңа оқу жылында қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, бастауыш сыныптың оқушылары үшін облыстағы 170 мектепте кезекші сыныптар жұмысы жүзеге аспақ. ⠀ — Жаңа оқу жылы кезекші сыныптарда оқушылар 170…
Толығырақ »Облыста мектеп пен балабақша саны артпақ
Атырау облысында 10 мектеп, 5 балабақшаның құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәслихат сессиясында мәлімдеді. – Қазіргі уақытта облыс бойынша үш ауысымды оқу жағдайындағы 12 мектепте 23 992 оқушы білім алып жатыр. Аталған мәселені шешу үшін, 3 000 орындық 4 мектептің құрылысы жүргізіліп жатса, 1 800…
Толығырақ »«Мектепке жол» жаңа форматқа көшті
Енді Атырау облысында «Мектепке жол» акциясы кезінде көрсетілген көмектер Atamekenim.kz порталы арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. ⠀ Өткен жылы Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» қоғамдық бірлестігі atamekenim.kz порталы арқылы өтініштер мен тізім бойынша мұқтаж отбасыларға көмек жинау туралы келісім жасасқан еді. Облыстық білім беру…
Толығырақ »Мұғалімдер мектеп компьютерлерін пайдаланады
Қазақстанда 20 мыңнан аса мұғалімнің компьютері жоқ болса, 2 мың мұғалімнің интернетке қолы жетпей отыр. Сол себепті, бұл мәселе мектеп компьютерлерін уақытша пайдалануға беру арқылы шешіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгінгі үкімет отырысында айтты. – Жергілікті әкімдіктермен бірлесіп мектептерге техниканы сатып алу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жалпы…
Толығырақ »Құжат қабылдау 20-тамызға дейін ұзарды
Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20-тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚР Білім жіне ғылым министрлігі хабарлады. — Елімізде карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20-тамызға дейін ұзартады. Бүгінгі күні 350 мыңға жуық өтініш түсті. Олардың басым көпшілігі egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданды.…
Толығырақ »Балалар сабақты үйден оқиды
Облысымыздың оқушылары қыркүйектен бастап қашықтан оқиды. Бұл туралы Атырау облысының коммуникациялар қызметі хабарлады. — Шалғайдағы ауылдық мектептер мен кезекші сынып оқушылары ата-аналарының жазбаша өтініші бойынша мектеп қабырғасында өткізілетін сабақтарға қатыса алады. Қызылқоға, Құрманғазы, Махамбет, Исатай және Индер аудандарында 26 шағын жинақты мектеп бар. Ондағы оқушылар саны – 1853. Балалар бір…
Толығырақ »