Басты ақпарат
«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың айтуынша, облыс аумағындағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты анықтау мақсатында 2021 жылғы ақпанның 26-сы мен 1 наурыз аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген. Шара барысында ІІО-ның профилактикалық есебінде тұрған 1 162…
Толығырақ »Медициналық мекемелер ғимаратының 60%-ы тозған
Қазақстандағы медициналық мекемелер ғимараттарының тозу деңгейі шамамен 60%-ды көрсетті. Бүл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. – Денсаулық сақтауға жеке инвестициялардың үлесі 40,3%, медициналық ұйымдардың медициналық жабдықтармен жабдықталуы 77%, ал медициналық ұйымдар ғимараттарының тозу деңгейі 55,2% бен 58,2%-ды көрсетті, — делінген хабарламада. Аймақтарда медициналық көмектің қол жетімділігін арттыру…
Толығырақ »Ресейлік инвесторлар Атырауда 3,6 млрд. теңгенің жобаларын жүзеге асырмақ
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ресейлік инвесторларды қабылдады. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлайды. Олар жазға қарай тоқыма полипропилен және геосинтетика өндіру цехына қатысты құны шамамен 3,6 млрд. теңге болатын екі жобаны Атырау өңірінде жүзеге асыра бастайды. Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов елімізде инвесторлар үшін ерекше жағдай жасалғанына жан-жақты тоқталды.…
Толығырақ »Жас балуандар ел чемпионатында екінші орын алды
24–28 ақпан күндері Нұр-Сұлтан қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қазақ күресінен 2006–2007 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл туралы Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлайды. Кенжебек Күзембаев бастаған Атырау облысының спортшылары 2 алтын және 1 қола медальмен жалпы командалық есепте екінші орын алды.…
Толығырақ »Әскери жөндеушілер кезекті сынақтарынан сәтті өтті
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының техникалық қамтамасыз ету бөлімшелері жылжымалы автомобильдерді жөндеу бойынша мамандарға арналған барлық нормативтерді үздік орындады. Бұл туралы ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі хабарлайды. Техникалық қамтамасыз етудің негізгі іс-шараларына жеке құрамды, қару-жарақ пен техниканы ұдайы дайындық деңгейінде сақтап тұруға және істен шыққан қару-жарақ пен техниканы қалпына келтіру…
Толығырақ »Бір жылда полицияға 840 әйел арызданған
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, былтыр отбасында зардап шеккен 840 әйелден арыз түскен. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 73-бабымен «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» 1 318 әйелге қатысты жасалған құқықбұзушылық анықталған. – Былтыр ішкі істер органдарының қызметкерлері «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйел адамдарға көмек көрсету»…
Толығырақ »Өңірде КВИ жұқтырғандар саны азаюда
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде кеше 14 адам қауіпті дертке шалдыққан. Оның үшеуі Атырау қаласынан болса, тоғызы Теңіз кеніші және екеуі Индер ауданында анықталған. Инфекциясын жұқтырған 6 науқаста ауру симптомды түрде өтуде. Сондай-ақ кеше, коронавирус инфекциясынан 13 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта 140 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық…
Толығырақ »ЭКҰ-ға 232 квота берілді
Атырауда экстракорпоральды ұрықтандыру тәсілімен бала сүю үшін 232 квота берілді. Атырау облысының бас репродуктологы Айгүл Жанділдашеваның мәліметінше, бұл былтырғы квотадан 8 есе көп. Өткен жылы бала сүюді аңсаған жұптарға 37 квота берілген. – Облыста 800-ге жуық жұп экстракорпоральды ұрықтандыру кезегінде тұр. Алдымен балалы болғысы келетіндер комиссиялық тексеру жүргізетін репродуктологтардың тексеруінен…
Толығырақ »Ғарыштық түсіріліммен 484 қоқыс алаңы анықталды
Атырау облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласы мен Махамбет ауданында ғарыштан түсірілген стихиялық қалдықтарды жою жұмыстары жүргізілген. – Анықталған аумақ шамамен – 50 шақырым. Қашықтан зондтау арқылы түсірілген ғарыштық түсірілімдер бұған дейін тиесілі әкімдіктерге жолданғанмен, көрсетілген жерлерді толықтай тазартпаған. Сол себептен, Атырау қаласы мен Махамбет ауданы әкімдіктерінің жауапты…
Толығырақ »Атырау–Доссор–Бейнеу–Ақжігіт–Өзбекстан тасжолы 4 жолақты болады
Атырау облысындағы екі жолақты автожолды кеңейту жоспарланып отыр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды. Атырау–Доссор–Бейнеу–Ақжігіт–Өзбекстан шекарасына дейінгі күре жол кеңейтілгенге дейін жеңіл көлік иелері үшін тегін болып қала береді. Атырау облысының Атырау қаласында және Бейнеу, Жылыой, Мақат аудандарында Атырау–Доссор–Бейнеу–Ақжігіт–Өзбекстан шекарасы учаскесінде ақы алудың ашық жүйесін енгізу мәселесі бойынша…
Толығырақ »